Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда балалар ойын алаңдары көбеюде

Бейнежазба
885 рет қаралды

Атырауда қаланы абаттандыру бағдарламасы аясында 15 жаңа балалар ойын алаңының құрылысы аяқталды, тағы 30-ға жуық ойын алаңы белсенді салынып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

"Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтып, қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасау – басты мақсатымыз", - деп атап өтті қала әкімдігі.

Осы орайда, қаланың 15 аумағында - Өркен, Нұрсая, Зарослый, Алмагүл, Авангард, Вокзал маңы, Атырау ықшам аудандары және т.б. тұрғын алабында өлшемі 12х12 болатын жаңа балалар ойын алаңдары салынып, қазіргі таңда толық аяқталып, халық игілігіне берілді.

Сонымен қатар, 29 мекенжайда: Береке, Көкарна, Құрсай, Жұмыскер, Авангард, Геолог, Сарыарқа көшесі және басқа да аумақтарда) 20х15, 20х20 және 40х25 көлеміндегі балалар ойын алаңдары, екі дана “Кораблик” түріндегі алаңдар салынып жатыр.

Бұл жұмыстарға оң қорытынды алынып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

"Бұл – балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың ризашылығына толы игі бастама. Алдағы уақытта да Атырау қаласын көркейту және жайлы қалаға айналдыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады", - деп атап өтті әкімдік.


18 сәуір, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.