
"Атырау жылу жүйелері" АҚ жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындарды ыстық судың уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Мамандар 2025 жылдың 21-25 сәуірі аралығында күрделі жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарына тексеру жүргізеді.
Ыстық су өшірілетін мекенжайлар:
Әбілғапаров атындағы орталық жылу пунктінен:
Азаттық 21, 21а, 23, 23а, 25, 27, 29, 33, 35;
Смағұлов, 20;
Досмұхамбетов, 4;
Хакимов, 1, 3, 16/4.
№14 орталық жылу пунктінен:
Сәтпаев, 19, 19а, 19б, 19в, 21а, 23, 25, 27, 29, 33, 35;
Құлманов, 135, 139, 147, 152, 154, 154а.
«Ерниязов» орталық жылу пунктінен:
Жарбосынов, 71, 83в, 85, 87б;
Ерниязов, 16, 18.
Компания тұрғындардан туындаған уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрап, күзгі-қысқы кезеңде жылумен қамтамасыз ету сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салады.