
2024 жылдың соңғы деректері бойынша «ҚазМұнайГаз» мұнай эквивалентінің барреліне 9,9 доллар таза пайда көрсетіп отыр, деп жазады Energy Analytiсs.
Бұл әлемдік танымал компанияларлдың көрсеткішінен көп:
Petrobras — $7,7
Eni — $4,5
BP - $1,4 (!)
Әрине, Aramco ($23,5) және ExxonMobil ($21,3) әлі де бәсекелес емес, бірақ:
«ҚазМұнайГаз» сенімді түрде тізімнің ортасында тұр және Еуропа мен Латын Америкасының кейбір мұнай-газ алпауыттарынан алда келеді.
Ол нені білдіреді?
Өнеркәсіптегі жоғары құбылмалылық және маржа қысымы аясында өндіріс тиімділігі негізгі көрсеткішке айналуда. Бұл ретте «ҚазМұнайГаз» лайықты нәтиже көрсетіп отыр.
Бұл мынаны көрсетеді:
– Бірқатар ұлттық компаниялар кірісі тұрақты екенін көрсетуде
– Көшбасшылар мен аутсайдерлер арасындағы өнімділік алшақтығы өсуде
– Бір баррельден түсетін пайда барған сайын масштаб мәселесі ретінде емес, басқару тәртібі мәселесі ретіне ұласып келеді.