
Атырау облысының полиция департаменті хабарлайды: 17 сәуір күні сағат 02:10 шамасында Құлсары қаласында Hyundai Elantra көлігін басқарған 2005 жылы туған жүргізуші Toyota Camry және ВАЗ-2115 көліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі, сондай-ақ көлікте болған 2006 және 2005 жылы туған жолаушылар мен Toyota Camry көлігінің 2007 жылы туған жүргізушісі мен оның 1983 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі – абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
В Атырау +4