
17 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында Атырау қаласы Көктем ықшамауданы тұсында КамАЗ маркалы автокөлік тас жолдан шығып, жол жиегіне құлаған.
Апат салдарынан цистернадан мұнай өнімдері төгілді. Атырау облысы ТЖД құтқарушылары оқиға болған жерге тез арада жетіп, өрттің шарпуына мүмкіндік бермеді.
Көлікті қалпына келтіру кезінде құтқарушылар көбік шашу жұмыстарын жүзеге асырды. Олар жарылыстың, өрттің алдын алу мақсатында кезекшілікке жұмылдырылды.
Қалпына келтіру жұмыстары сағат 22:50-де аяқталды. Зардап шеккендер жоқ. Апаттың салдарын жоюға Атырау облысы ТЖД 12 қызметкері және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
В Атырау 0