Атырау, 21 мамыр 10:57
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Трамп Израильдің Иранға соққы беруіне қарсы

248 просмотра
Сурет: israelnationalnews

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасын шектеу мақсатында дипломатиялық жолға түсу үшін Израильдің Иран ядролық нысандарына жоспарланған соққысына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Kazinform.

New York Times газетінің хабарлауынша, Израиль мамыр айында нысандарға шабуыл жасау жоспарын жасаған және Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігін бір жыл немесе одан да көп уақытқа кешіктіру үшін АҚШ оларды қолдайтынына сенімді болған.

АҚШ-тың көмегі Израильді Иранның кек алуынан қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге шабуылдың сәтті болуын қамтамасыз ету үшін қажет болды.

Бір айға созылған ішкі пікірталастардан кейін Трамп әскери әрекетті қолдаудың орнына Тегеранмен келіссөз жүргізуді ұйғарды.

Осы айда Трамп Израильге АҚШ-тың шабуылды қолдамайтыны туралы шешімін хабарлады. Бұл туралы өткен аптада АҚШ президенті Биньямин Нетаньяхуға хабарлады.

Өткен сенбіде АҚШ пен Иран Оманда келіссөз өткізді. Екі ел де келіссөздерді «позитивті» және «конструктивті» деп сипаттады.

Осыған дейін АҚШ Йеменге 12-ден астам әуе соққысын жасағаны анықталды.


17 сәуір, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.