Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Еуроодақ миграция саясатын қатаңдатып жатыр

329 рет қаралды

16 сәуірде Еурокомиссия жеті "қауіпсіз" елдің тізімін жариялады, олар: Бангладеш, Колумбия, Косово, Египет, Үндістан, Марокко және Тунис, деп хабарлайды BB.LV

Бұл қадам ЕО елдеріне бассауға сұрау өтініштерді қарау және мигранттарды "қауіпсіз" деп танылған елдерге қайтару процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Еурокомиссар Магнус Бруннер ЕО елдерінде өтініштерді қарау процесін жеделдету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кейбір елдер бұл тізімдерді ұлттық деңгейде қолдануда.

Құқық қорғаушылар бұл бастаманы сынға алды. EuroMed Rights ұйымы Египет, Марокко және Тунис елдерінде адам құқықтарының бұзылуы тіркелгенін айтып, оларды "қауіпсіз" деп тануды қауіпті және жаңылыстыратын шешім деп атады.

Наурыз айында Еурокомиссия саяси баспана беруден бас тартылған адамдарды депортациялау процесін жеделдету жоспарын ұсынған болатын. Бұл жоспар мигранттарға қысым көрсетуді күшейтуді, жалған ақпарат бергендерді анықтауды және депортация туралы шешімдерді ЕО елдері арасында өзара мойындауды көздейді. 

Сонымен қатар, саяси баспана беруден бас тартылған адамдарды ЕО-дан тыс арнайы депортация орталықтарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Алайда, бұл ереже кәмелетке толмағандарға және балалары бар отбасыларға қолданылмайды.

17 сәуір, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.