Атырау, 16 наурыз 16:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Air Astana әскери парадқа байланысты рейстер кестесін өзгертеді

428 рет қаралды

Air Astana компаниясы Жеңіс күніне арналған әскери парадқа байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізетінін хабарлады. 

2025 жылдың 22 сәуірінен 7 мамырына дейін Астана әуежайы күн сайын сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады.

Атыраудан Астанаға бағытталған рейстер уақытша өзгертілуі немесе ауыстырылуы мүмкін. 

Өзгерістер келесі рейстерге де әсер етеді:

  • Астанадан Алматыға, Өскеменге, Франкфуртке және Дохаға;
  • Алматыдан, Атыраудан, Қостанайдан, Өскеменнен, Франкфурттен, Сеулден және Дохадан Астанаға.

Рейстері өзгертілген жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы алдын ала хабарланады.

17 сәуір 2025, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.