
Биыл Атырауда 50 мың ағаш, оған қоса 20 мың бұта, 183 мың шаршы метр көгал жамылғысы және 11 мың шаршы метр біржылдық-көпжылдық гүлзар отырғызу жоспарланды.
Бұл жұмыстарды «Каспийдормостострой» мердігер мекемесі сәуірдің басынан күзге дейін атқарады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы Маулен Саламатов мәлім еткендей, көгалдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес алдымен адам көп жүретін жерлерде - саябақтар мен гүлзарларға, орталық көшелерде жүзеге асады. Кейін А-27, А-28, Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Доссор тас жолдары көгалдандырылады.
Отырғызылатын ағаштар қаланың климатына бейімделген. Олар: арша, ерен, үйеңкі. Былтыр шырша, аққайың басқа да қылқан жапырақты ағаштар егілді.
Атырау қаласын көгалдандыру жобасының жетекшісі Леонид Задерныйныі айтуынша, дендрологиялық жоспар аясында Қ. Сәтпаев көшесі мен жағалаудағы ағаштар кесілген. Бұл шаралар ағаштардың өсуін жақсартып, ауа сапасын арттыруға бағытталған.
2024 жылдың алғашқы тоқсанында:
- Авангард, Ленин және орталық алаңдағы апатты жағдайдағы 124 ағаш;
- Тұрғындар қалашығы, Шалқыма, орталықтағы шағын аудандар мен Қ.Сәтпаев, Х. Досмұхамедов, С.Датов көшелерінде 980 ағаш;
- қала бойынша санитарлық-гигиеналық мақсатта 462 ағаш кесілген.
Кесілген ағаштардың 95% — қарағаш, қалғаны шаған ағашы.
Көгалданған аумақты күтіп-баптау шаралары мердігер мекемеге міндеттелді. Қаланың біраз бөлігінде автоматты суару жүйесі жұмыс істейді. Ал суару жүйесі жоқ аумақтарда техника көмегімен жасалады. Жалпы қалада 133 мыңнан астам жасыл желек отырғызылған.
В Атырау 0