Атырау, 23 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында тамызда екі жаңа амбулатория ашылады

Бейнежазба
457 рет қаралды

Атырау облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жалғасуда.

Тамыз айында Береке ауылында және Алмалы ауылдық округінде екі жаңа дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарлануда, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап.

Жаңа нысандарда емдік-профилактикалық, процедуралық, зертханалық, залалсыздандыру, дәрігерге дейінгі қабылдау, тазалық бөлмелері мен акушер-гинеколог кабинетінің болуы қарастырылған.

Қазір Берекедегі нысанда қабырғаларды қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабуға дайындық жүргізілуде. Алмалы ауылдық округінде де құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр.

«Екі нысан да ауысымына 25 қабылдауға есептелген. Құрылыс жоспарланған мерзімдерге сәйкес жүргізілуде, тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», – дер хабарлады басқарманың бас маманы Ернар Қадырбай.

Дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы - ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі. Жаңа нысандар:

  • Қалалық емханаларға түсетін жүктемені азайтуға;
  • Жергілікті жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
  • Шалғай округтерде профилактикалық жұмыстарды күшейтуге мүмкіндік береді.


17 сәуір, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.