Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жапония Ресейге наразылық білдірді

447 рет қаралды
Сурет: Unsplash

Жапония үкіметінің бас хатшысы Есимаса Хаяси Жапонияның Ресейге наразылық білдіргенін мәлімдеді. Оған Мәскеудің Оңтүстік Курил аралдары аймағында шетелдік кемелердің өту құқығын уақытша тоқтатқаны себеп болды, деп хабарлайды Lenta.ru РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Су жолдарына жауапты ресейлік ведомство 16 сәуірде Жапония уақыты бойынша сағат 16.00-ден 1 мамыр күні сағат 12.00-ге дейін солтүстік төрт аралдың аумағында біздің елдің аумақтық сулары кіретін су кеңістігінде шетелдік әскери кемелер мен шетелдік кемелердің өту құқығы уақытша тоқтатылатынын ескертті», - деді Хаия.

Шенеунік Мәскеудің мұндай әрекеттері Жапонияның Курил аралдарына қатысты ұстанымына қайшы келеді, соған байланысты Токио 16 сәуірде дипломатиялық арналар арқылы ресейлік тарапқа наразылық білдірді деп түсіндірді.

Бұған дейін Жапония үкіметі Курил аралдарының меншігіне қатысты мәселені шешуге және Ресеймен бейбіт келісімге келуге бел буғандығы туралы ақпарат пайда болған. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі жыл сайынғы «Көк кітап» есебінде хабарлады.

Ресей көшбасшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, өз кезегінде, қазіргі жағдайда Жапониямен бейбіт келіссөздер жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.

17 сәуір, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.