
Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумының (ICIJ) жарияланымынан белгілі болғандай, "PSA" ЖШС 2025 жылдың наурыз айында Швейцарияда азаматтық сотқа жүгінген.
АҚШ сотының құжаттарына сәйкес, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобалары бойынша Өкілетті орган Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы болжамды жымқыру схемалары «Қазақстандағы лауазымды тұлғаларды парамен сатып алу» және «Eni-дің кейбір басшыларын және олардың делдалдарына сыйақы» үшін 2006-2011 жылдар аралығында пайдаланылған деп мәлімдейді.
Шағым осы схемадағы болжамды делдалдарға қарсы берілген және Eni де, NCOC да жауапкер ретінде аталмаған. Eni ICIJ-тің түсініктеме беру туралы сауалына жауап бермеді.
Energy Monitor ҚҚ басшысы Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ талап арызда «біздің бұрынғы топ-менеджменттің арасында қызықты есімдер бар» деп хабарлайды. Өкінішке орай, мердігерліктің қалай жасалғаны, шешімдерді кім қабылдағаны және мердігерлік жұмыстарға арналған бюджеттер қалай көбейтілгені туралы ақпарат құпияланған.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +4