
Қалада жасыл желектерді бітелер мен жапырақжегіден өңдеудің бірінші кезеңі басталды. Адамдармен және жануарлармен байланысты барынша азайту үшін және пайдалы жәндіктерді - аралар мен тозаңдандырғыштарды қорғау үшін жұмыс сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін жүргізіледі.
Өңдеу мемлекеттік-жеке серіктестік жобасына кіреді және оны лицензияланған мердігерлер жүргізеді. Қолданылатын препараттар мемлекеттік тізілімде тіркелген және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
«Биыл бейінді институттардың ұсынысы бойынша жәндікжойғы қатары көбейтілді. Маусым қорытындысы бойынша олардың тиімділігіне баға беріледі», - деп хабарлады жұмысқа жауапты «Каспийдормостострой» ЖШС.
Өңдеу алаңы айтарлықтай кеңейтілді – қазір тізімге көшелер, саябақтар мен алаңқайлар ғана емес, тұрғын үйлердің аулалары, мектептер, балабақшалар мен медицина мекемелерінің аумақтары да кіреді. Барлығы – 139 мың ағаш.
Өңдеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылады, ең бастысы - көктемде - зиянкестер белсенді түрде көбейгенше жасалады. Күндіз бұл жұмыстар жасалмайды: күн сәулесінде белсенді заттар тиімділігін жоғалтады, ал жапырақтар күйіп қалады.
Тұрғындардан сақтық шараларын сақтау сұралады:
- Өңдеу кезінде терезелерді ашпаңыз;
- Түнде жасыл желектерге жақындамаңыз;
- Өңдеу кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Жануарларды сағат 22:00-ге дейін серуендетіңіз.
ПИК төрағалары тұрғындарды хабардар ету үшін кестені алдын ала алады.
Компания тұрғындардың жұмысты дұрыс қабылдай бермейтінін, кейде жанжалдар, «улап жатыр» деп айыптау және басқа да төтенше жағдайлар орын алып тұратынын атап өтті.
"Ешқандай қаскүнемдік пиғыл жоқ. Қазір зиянкестер көбейіп кетті, егер олармен күреспесе, олар қаладағы жасыл желектерді жоқ қылып жібереді", - деді ЖШС.
В Атырау 0