Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

МСҚББ​ Атыраудағы бірнеше құрылыс нысандарында заң бұзушылықтар анықтады

409 рет қаралды

Облыс орталығында рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан бірнеше құрылыс нысаны анықталды. Бұл туралы Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (МСҚББ) хабарлады.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында Чайковский көшесі, Б.Бимагамбетов көшесі және Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан құрылыс нысандарында заң бұзушылықтар анықталған. Яғни, құрылыс жұмыстары тиісті рұқсат құжаттарынсыз басталған.

«Құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарды жою жөнінде арнайы нұсқама берілді. Егер бұл нұсқама уақытында орындалмаса, яғни қажетті құжаттар толық рәсімделмесе, аталған нысандарды сүру туралы шаралар қолға алынады», – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Сондай-ақ, басқарма тұрғындар мен кәсіпкерлерден құрылысқа кіріспес бұрын барлық заң талаптарын сақтап, рұқсат құжаттарын алдын ала рәсімдеуді сұрайды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 сәуір, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.