
Бүгін WhatsApp мессенджерінде Мақат ауданындағы Ескене ауылында жұмысшылар түсірген видео тарады. Видеода олар жұмыс берушінің 6/1 вахталық жұмыс әдісіне көшу туралы ұсынысымен келіспейтіндерін білдіреді. Қызметкерлердің айтуынша, олар бір жылдан астам уақыт бойы 30/30 кестесімен жұмыс істеп келеді және осы режимді сақтауды сұрайды.
Жұмысшылар жаңа әдіске көшу жалақының азаюына әкеліп соғатынын, әсіресе, басқа өңірлерден келетіндерге қиындық туғызатынын айтады.
Видео авторларымен де, компания басшылығымен де байланысу мүмкін болмады.
Облыстық еңбек инспекциясының басшысы Игілік ӘУБЕКЕРОВ хабарлағандай, «Kazakh Construction Group» компаниясының өкілдері ұжыммен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Инспекцияға шағым түспеген.
Кейінірек кездесу қорытындысы бойынша бұрынғы 30/30 кестесін сақтау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1