Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысының жолдарында бір тәулікте бес адам қаза тапты

Бейнежазба
603 рет қаралды

Облыста алаңдатарлық статистика тіркелді: тек бір күннің ішінде, яғни 15 сәуірде үш жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты. 

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен, жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.

Атап айтқанда, 15 сәуір күні сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлік аударылып, апат салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соқтығысып, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сағат 16:40 шамасында Доссор–Құлсары тас жолының 93 шақырымында жүк көлігі мен ВАЗ-2115 маркалы автокөлік соқтығысып, соның салдарынан тағы бір адам оқиға орнында қайтыс болды.

"Әрбір жол қозғалысына қатысушы – өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапты. Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар, қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіздер, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін"- делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.
16 сәуір, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.