Атырау, 23 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда жағалау бойында​ велосипед тебуге тыйым салынды

Бейнежазба
516 рет қаралды

Соңғы жылдары велосипедті экологиялық көлік ретінде таңдаушылардың саны артып келеді.

Алайда көпшілік арнайы орында жүрмеген жағдайда салынатын айыппұлдың барын біле бермейді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қаланың орталық бөлігіндегі жағалауда сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін велосипедпен жүруге тыйым салынған. Жол полициясы осындай талаптарды орындамаған жүргізушілерге ескерту жасап, айыппұл сала алады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі 39320 теңге болмақ. 

- Жол қозғалысы ережелерін сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіз бен өзге азаматтардың амандығы үшін маңызды. Велосипедпен арнайы веложолақтармен немесе жол жиегімен ғана жүру керек. Құлаққап тағу, телефон қолдану және жарықсыз жүру апатқа әкелуі мүмкін. Ереже бұзылған жағдайда 1 АЕК көлемінде айыппұл салынады,- деді  Атырау ҚПБ ППБ рота командирі Бахтияр Мейрханов  

Айта өтейік, осы жылы велосипед апаты екі мәрте тіркеліп, біреуі адам өлімімен аяқталды.


16 сәуір, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.