
Вакуум көліктердің Атырау маңындағы далаға және кәріз коллекторына қалдықтар төгіп жатқаны көрінетін видео жарияланғаннан кейін хикая жалғасын тапты. KPI зауытының баспасөз қызметінің жедел жауабына және техниканың кәсіпорынға еш қатысы жоқ деген мәлімдемесіне қарамастан, оқиғалар тізбегі қатар бірнеше процесті тудырды.
Полиция бірінші болып әрекет етті. Атырау облысының полиция департаменті хабарлағандай, видеоға түсірілген фактілер бойынша үш азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі («Абаттандыру және жасыл екпелерді жою қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл азаматтардың нақты немен айналысқаны, техниканың кімге тиесілі және кімнің тапсырмасымен жұмыс істеп жатқаны «Ақ Жайық» редакциясына берілген жауапта айтылмады. Бірақ, жалпы алғанда, бұл үлкен KPI зауытының шағын қосалқы мердігері – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС екені түсінікті.
Экология департаменті вакуумдардың далаға төгілуіне байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін материалды полицияға жолдады. Бюрократиялық тұрғыдан алсақ, әсіресе қоршаған ортаға зиян келтіргені дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін.
Бірақ жалпы, экология департаментінің жауабында «KUS» ЖШС-нің көптеген заңбұзушылықтары назар аудартады. Тергеу 2022 жылы басталғанү Сол кезде жоспардан тыс тексеру нәтижесінде компанияның жер асты құбыры арқылы жергілікті жер бедеріне, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтан тыс жерлерге сарқынды суларды рұқсатсыз шығарғаны анықталған. Шығару нүктесі зауыттың өзінен шамамен үш шақырым жерде орналасқан. Нәтижесінде 10,4 миллион теңге айыппұл салынған.
2023 жылы KUS тағы да бұзушылықтарға жол берген және олар ауқымырақ болған. Жаңадан жүргізілген жоспардан тыс тексеру өндірістік аймақ маңындағы жердің бүліну фактілері, парниктік газ шығарындыларына бекітілген квотадан асып кету, АЭА аумағынан тысқары шығатын құбыр арқылы сарқынды суларды қайтадан ағызу секілді бірнеше заң бұзушылықтар анықтаған. Тексеру қорытындысы бойынша айыппұлдар 7,2 млрд теңгені құрады. Экология департаментінің мәліметінше, барлық сома өндірілген.
2024 жылы хикая тағы қайталанды. Соңғы тексеріс тағы да сол құбыр арқылы сарқынды сулардың рұқсатсыз ағызылғанын тіркеді. Белгілі болғандай, іс қазір сотта қаралып жатыр, бірақ Karabatan Utility Solutions кінәсін мойындамай отыр. Алайда соңғы жылдардағы тексерулер статистикасы олардың пайдасына шешілмейтіні анық.
Ал бұдан шығатын қорытынды да сол: Атырау маңында қалдықтар бұрынғыша шығарылуда. Енді тек дрондармен және әлеуметтік желілер арқылы әрекет ету ғана қалып отыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0