Атырау, 23 желтоқсан 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырауда 35 түйіншек марихуана табылды

488 рет қаралды

Атырауда есірткі тасымалдап, тараттты деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталды.

Операцияны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары аясында жүргізді. Бұрын соттыалған азамат құқық қорғау органдарының бақылауында болған.

Жеке тінту кезінде бір түйіншек пен пышақ тәркіленді. Сондай-ақ, жеке автокөлігін тексеру барысында Iphone 15 маркалы ұялы телефон және үш түйіншек табылды. 

Күдіктінің көрсетуімен қала аумағында тағы 35 түйіншек анықталып, тәркіленді.

Күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. 

16 сәуір, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.