Атырау, 5 желтоқсан 09:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Украина Жоғарғы Радасы әскери жағдайды ұзартуға дауыс берді

345 рет қаралды

Украина Жоғарғы Радасы әскери жағдайды 6 тамызға дейін ұзартуға дауыс берді, деп хабарлайды BBC.

Заң жобасын 357 депутат қолдаса, біреуі қарсы шыққан.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский әскери жағдай мен жалпы мобилизация мерзімін ұзарту туралы заң жобаларын Жоғарғы Радаға ұсынған еді.

"Еуропалық ынтымақ" партиясының депутаты Алексей Гончаренко әскери жағдайды ұзартуға қарсы дауыс бергенін мәлімдеді. Оның себебі ретінде биліктің демобилизация жүргізбегенін және әскери қызметтің нақты мерзімін белгілемегенін айтты.

Бұл Ресейдің Украинаға ауқымды басып кіру басталғаннан бері Жоғарғы Раданың әскери жағдайды ұзарту туралы 15-ші рет дауыс беруі болды.

16 сәуір, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.