
Ауғанстанда Гиндукуш тау жотасының солтүстік-шығысындағы ауданда магнитудасы 5,6-ға тең жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Lenta.ru.
Алғашында сейсмологтар жер сілкінісінің магнитудасын 6,4 деп хабарлаған, алайда кейінірек оны 5,6-ға дейін төмендеткен.
Жер сілкінісі 03:44 жергілікті уақыт бойынша (Мәскеу уақытымен 02:14) Баглан қаласынан 167 шақырым шығысқа қарай, 121 километр тереңдікте тіркелген. Баглан қаласының халқы шамамен 108 мың адамды құрайды.
Сонымен қатар, 14 сәуірде Тәжікстанда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелген еді. Бұдан бұрынғы жер сілкінісі 13 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша 07:24-те тіркеліп, оның күші бастапқыда 6,4 деп бағаланып, кейінірек 5,9-ға түзетілген.
В Атырау +4