Атырау, 23 желтоқсан 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау темір жол вокзалын жөндеу жұмыстары сәуірде басталады

Бейнежазба
565 рет қаралды

Облыс орталығында Атырау вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталып жатыр.

Жұмыс сәуір айында басталады, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

Мердігер мекеме ретінде «БАТЫСАЛЬЯНССТРОЙ» ЖШС таңдалған.

Қайта жаңғырту аясында мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, халыққа сапалы қызмет көрсету үшін негізгі құралдармен жабдықтау және сыртқы мен ішкі жұмыстарды толық қамту жоспарланған. 

- Биыл облыс орталығынан бөлек Исатай, Аққыстау, Доссор, Мақат, Жамансор, Мұқыр, Сағыз және Құрманғазыдағы теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Сағыз және Доссор вокзалын жаңадан салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда келісім-шарт жасақталды,-деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Жөндеу жұмыстары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылса, абаттандыру шаралары жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

Айта кетейік, Атырау теміржол вокзалы соңғы рет күрделі жөндеуден 2015 жылы өткен, ал тәулігіне 1300 жолаушыға қызмет көрсетеді.


16 сәуір, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.