
Парламент 140 дауыспен түзетуді қабылдады. Оппозицияның көп бөлігі дауыс беруге қатысқан жоқ, деп хабарлайды Euronews.
Венгрия парламенті белсенділердің наразылығына қарамастан, конституцияға тек екі жынысты - әйел мен еркекті мойындайтын түзетуді қабылдады. Дауыс беру алдында депутаттар мен «Моментум» партиясының жақтастары заң шығарушыларға кедергі келтіріп, парламент ғимаратына кіруіне жол бермеуге тырысты. Бірақ полиция оларды таратып жіберді.
"Демократиялық коалицияның" оппозициялық фракциялары мен социалистер дауыс беруге қатысудан бас тартты. Қабылданған түзетуде «адамның туған кезіндегі жынысы – бұл биологиялық сый, жаратылыс тәртібіне сәйкес ер немесе әйел болуы мүмкін» делінген. Ал «осы табиғи тәртіпті құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және туған кездегі жынысты өзгертуге болады деген әрекетке жол бермеу - мемлекеттің міндеті».
Осы жылдың наурыз айында Венгрия парламенті ЛГБТК+ прайдтарын өткізуге тыйым салатын заңды мақұлдады. Конституцияға енгізілген түзетулерді құқық қорғаушылар "үкіметтің пікір алуандығын басып-жаншу және адам құқықтарын шектеу әрекеттерінің елеулі күшеюі" деп атады.
В Атырау +4