Атырау, 5 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«KMG International»-дағы кадрлық өзгерістер

455 рет қаралды

KMG International бас директоры болып бұрын компанияның операциялық директоры қызметін атқарған Ерік Сағиев тағайындалды. Бұл туралы KMG International баспасөз қызметі хабарлады.

Ерік Сағиевтің энергетика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі  және екі жоғары білімі бар: Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Ол өз мансабында жабдықтау жөніндегі маманнан елдің ең ірі энергетикалық компанияларының топ-менеджеріне дейін көтерілді:

  • KPO, Интергазстрой, Top-Oil Srl, Стройгазконсалтинг компанияларында жұмыс істеді;
  • Астанадағы "Сарыарка" Кәсіпкерлер қауымдастығының басқарма төрағасы және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі болды; 
  • "ҚазТрансОйл" АҚ-да басшылық қызметтер атқарды; 
  • 2022-2024 жылдары мұнай тасымалдау жөніндегі бас директордың орынбасары және Мұнай тасымалдауды басқару орталығы филиалының директоры болып жұмыс істеді.

KMG International компаниясы туралы

KMG International (бұрынғы Rompetrol Group) – «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының шетелдегі активтерін басқаратын халықаралық құрылым. Компания келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • мұнай өңдеу және мұнай-химия;
  • мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы;
  • мұнай-газ саласына арналған инженерлік және сервистік қызметтер.

KMG International Румыниядағы екі мұнай өңдеу зауытына иелік етеді - Petromidia (Қара теңіз аймағындағы ең заманауи зауыттардың бірі) және Vega (110 жылдан астам тарихы бар зауыты.

Компанияның сауда қызметі Швейцарияда орналасқан KMG Trading AG еншілес ұйымы арқылы Қара теңіз және Жерорта теңізі аймақтарын қамтиды.

Rompetrol брендімен KMG International Румынияда, Болгарияда, Молдовада және Грузияда 1000-нан астам жанармай құю станцияларын басқарады.

Компания «ҚазМұнайГаздың» Орталық Азия ресурстарын еуропалық нарықтармен интеграциялау стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

16 сәуір, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.