Атырау, 13 қаңтар 09:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Атырауда Жеңіс күніне орай кімдерге және қанша төленеді

658 рет қаралды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау облысының әкімі өңірлік іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның аясында бірнеше мәдени-танымдық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Өкінішке орай, қазіргі таңда Атырау облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан бірде-бір тірі ардагер қалмаған. Дегенмен, 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында оларға теңестірілген санаттағы азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың мамыр айында көмек алатындар:

  • Атырауда тұратын жалғыз фашистік концлагерь тұтқыны – оған 1 млн теңге мөлшерінде бір реттік төлем беріледі.
  • Жеңіске қосқан үлесі үшін марапатталған 13 тыл ардагері – әрқайсысына 100 мың теңгеден, жалпы сомасы – 1,3 млн теңге.
  • Еңбегі немесе қызметі үшін марапатталмаған, бірақ соғыс жылдары алты айдан астам жұмыс істеген 711 тыл ардагері – әрқайсысына 50 мың теңгеден төлем беріледі.
15 сәуір 2025, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.