Атырау, 24 сәуір 2017
 ашықВ Атырау +14
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

​Атырау еріктілері мердігерлерді адал жұмыс істеуге мәжбүрлеп, асфальтты қайта салғызды​​

439 просмотра

Мониторинг барысында Еркінқалада  төселген асфальт қабатының қалыңдығы талаптарға сәйкес келмей шыққан.  

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен белсенді еріктілер Жастар көшесі мен Еркінқала ықшамауданына дейінгі автожолдың салыну барысына мониторинг жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. 

Жол активтері сапасының Атырау облыстық орталығы алынған керннің қалыңдығы небәрі 8 см екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау-сметалық құжаттамада белгіленген стандарттардан айтарлықтай төмен.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында еріктілер тапсырыс берушіге және мердігер компанияға ұсыныстар жолдап, нәтижесінде мердігер ұйым 75 шаршы метр аумақты қайта өңдеп, жаңа асфальтбетон жамылғысын төсеуге мәжбүр болды. Бұл жұмыстардың жалпы құны 891 100 теңгені құрады, -деп хабарлады Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.  

Қайта жүргізілген тексеру жұмыстарына еріктілермен қатар Жол активтері сапасының Атырау филиалының мамандары да қатысты. Қайта алынған керндердің қалыңдығы 13 см және 11 см болып, талаптарға сәйкестігі нақтыланды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 сәуір, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.