Атырау, 27 сәуір 1311
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Алжир Францияға қатаң жауап қайтаруға уәде берді

337 просмотра
Сурет: haqqin

Алжир елдің егемендігіне кез келген қол сұғушылыққа қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұл туралы Алжирдің Сыртқы істер министрлігі Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроның мәлімдемесіне қатысты айтты. Ол Алжир француз консулдығының 12 қызметкерінен 48 сағат ішінде елден кетуді «әділетсіз» талап етті деп атаған болатын, деп хабарлайды Haqqin.

«Шешім Франциядағы Алжир консулдығы қызметкерінің «демонстрациялы түрде қамауға алынуына» жауап ретінде қабылданды.  Бұл әрекет дипломатиялық нормалар мен ережелерді «айқын бұзу» болып табылады», - делінген Алжир Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Ведомство сондай-ақ Францияның ішкі істер министрі Бруно Ретайлоны жеке бас мүддесі үшін әрекет етті және алжир-француз қарым-қатынастарын одан әрі дамыту үшін саяси қырағылық пен жауапкершілік жоқ деп айыптап, қатты сынға алды. Алжир Сыртқы істер министрлігі ұсталған консулдық қызметкерінің дипломатиялық иммунитеті бар екенін, бірақ француз билігі оған «қылмыскер ретінде қарап, оны қорлағанын» атап өтті. 

Ведомствоның атап өтуінше, бұл оқиға президенттердің телефон арқылы сөйлесуі және Франция Сыртқы істер министрінің Алжирге сапарының нәтижесінде елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту аясында орын алған. Алжир Францияның ішкі істер министрінің елдің егемендігіне нұқсан келтіретін кез келген бұдан кейінгі қадамдары өзара принципке негізделген «қатаң және сол шамалас» жауап алатынын ескертті. 

Еске салайық, үш алжирлік, оның ішінде консулдық қызметкер Францияда 11 сәуірде «Амир DZ» деген атпен белгілі оппозиция қайраткері Амир Бухорсты ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын. Ұсталғандар Франция аумағында ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. 13 сәуірде Франция елшісі Стефан Ромате Алжир Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оған Франциядағы консулдық қызметкерлерінің бірінің тұтқындалуына байланысты наразылық нотасы тапсырылды. 14 сәуірде Алжир Франция консулдығының 12 қызметкерінен 48 сағат ішінде елден кетуді талап еткен еді.

15 сәуір, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.