Атырау, 26 сәуір 0559
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

​Қазақстан ОРЕС+ квотасын асыра орындады

363 просмотра

2025 жылдың сәуір айының бірінші жартысында Қазақстанда мұнай өндіру наурыз айымен салыстырғанда 3%-ға төмендеп, тәулігіне орташа есеппен 1,82 миллион баррельді құрады, деп хабарлайды Reuters.

Мұның негізгі себебі - Chevron компаниясы басқаратын ең ірі Теңіз кен орнында өндіріс көлемі азайды. Алайда, осыған  қарамастан, Қазақстан сәуір айына белгіленген OPEC+ квотасынан (тәулігіне 1,473 миллион баррель) асып түсіп, тәулігіне 1,473 баррелді құрап отыр. 

Қазақстан OPEC+ алдындағы міндеттемелерін бірінші рет асыра орындап отырған отырған жоқ, бұл альянстың басқа қатысушыларының наразылығын тудырып отыр. ҚР Энергетика министрлігі сәуір айында квотаны орындап, алдыңғы айлардағы артық өндірісті ішінара өтеу ниетін мәлімдеді.

Қосымша қиындықтар Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай экспортында туындады, ол Новороссийск терминалындағы дрон шабуылдары мен техникалық ақауларға байланысты үзілістерге тап болып отыр. Соған қарамастан, Қазақстан КҚК арқылы экспорттың жалпы тұрақты болып қала беретінін мәлімдеді.

Осы факторларды ескере отырып, Қазақстан 2025 жылы 88,4 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр, бұл бастапқы жоспар - 90 миллион тоннадан төмен. Экспорт 68,8 миллион тоннаны құрайды деп күтілуде, оның ішінде КҚК, Атырау - Самара, Каспий теңізі және Қытайға құбыр арқылы жеткізу бар.

15 сәуір, 08:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.