Атырау, 24 сәуір 1849
 ашықВ Атырау +14
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

​Атыраудан Бакуге 85 минутта жетеді: ​Air Astana​ жаңа халықаралық рейсті іске қосады

446 просмотра

2025 жылдың 31 мамырынан бастап Air Astana Атырау-Баку бағытында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады.

Ұшулар апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты Атыраудан Бакуға 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта 1 сағат 35 минутты құрайды.

KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері 18:30-да ұшып шығып, Баку қаласына 18:55-те келіп қонады, ал сәрсенбі күндері 21:35-те ұшып шығып, 22:00-де жетеді. 

Бакудан Атырауға кері рейс KC278 дүйсенбі және сенбі күндері 19:55-те ұшып шығып, 22:30-да қонып, ал сәрсенбі күндері 23:00-де ұшып шығып, келесі күні 01:35-те жетеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.

Билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ аккредиттелген онлайн және офлайн туристік агенттіктер арқылы алуға болады. Барлық салықтар мен алымдарды қосқанда, екі жаққа билет бағасы эконом-класста 96 527 теңгеден, бизнес-класста 278 681 теңгеден басталады.

Air Astana-ның Атыраудан Баку қаласына жаңа бағыт жиілігі жаз маусымында дәстүрлі түрде аптасына үш ретке арттырылатын Алматы-Баку рейстерін толықтырып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы саяхаттар мен іскерлік сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Қазақстан азаматтары Әзербайжанда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.

14 сәуір, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.