Атырау, 24 сәуір 2347
 ашықВ Атырау +22
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Балабақшадан келе жатқанда адасып кеткен: Атырауда полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты

510 просмотра

Атырауда балабақшадан үйіне қайтып келе жатқанда адасып кеткен алты жасар баланы іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Оқиға 10 сәуірде Азаттық даңғылы ауданында болған. Баланың жоғалғаны туралы хабар сағат 18:29-да алаңдаған анасы тарапынан түскен. Ол баласын біраз уақыт көзден таса қылып алған.

Ювеналды полиция инспекторы Нұрмұхан Ұзақбаев пен видеоинспектор Жандос Ерғалиев көшедегі камералардың жазбаларын талдап, жақын маңды тексерген. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде баланың қай жерде екені тез анықталып, аман-есен анасына қайтарылды.

10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республика көлемінде "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы күрес, тұрмысы нашар отбасыларды анықтау, балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Осы кезеңде балалардың қоғамдық орындарда және қала ішінде қозғалысы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларына, әсіресе, қалада жүріп-тұру кезінде үнемі назар аударудың маңыздылығын ескертті.

14 сәуір, 22:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.