
Жұма күні түнде Атырау қаласының орталық көпірінде суицид жасамақ болған әйел адамның өмірі сақталып қалды.
Полиция департаментінің мәліметінше, 1988 жылы туған әйел көпірден секіруге әрекеттенген сәтінде тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, оны райынан қайтарған. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты қылмыстық іс тергеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ