Атырау, 24 сәуір 05:30
 ашықВ Атырау +24
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Малшылар «Ақжайық»​​ табиғи резерватында адасып қалған

530 просмотра

13 сәуір, жексенбі күні Атырау қаласының бес тұрғыны «Suzuki» маркалы автокөлікпен мал іздеуге шығып, кешқұрым кері қайтпақ болған сәтте бағыттарынан адасып қалған.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, 14 сәуір таңғы сағат 06:26-да жолаушылардың бірі төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрайды.

- Шақырту түсе салысымен Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жол талғамайтын арнайы ТРЭКОЛ автокөлігімен іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқару тобы сағат 08:55 шамасында Еркінқала ауылына қарасты «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағынан адасқан азаматтарды тауып, Атырау қаласына аман-есен жеткізді. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді, - деді ТЖД баспасөз қызметі. 

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды далаға шықпас бұрын қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауға, ауа райы мен жол бағытына көңіл бөлуге шақырады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 сәуір, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.