Атырау, 24 сәуір 09:10
 бұлттыВ Атырау +22
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

«ҚазМұнайГаз» тоқтап тұрған ББПП-пленка өндіру зауытын іске қосу үшін ​«СИБУР​» компаниясын​​ тартты

318 просмотра
the-steppe.com 

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "Полимер Продакшн" ЖШС-нің 60% үлесін ресейлік СИБУР компаниясына сату бойынша мәмілені аяқтады, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың желтоқсан айында «Полимер Продакшн» ЖШС-не (жылына қуаты 10 мың тонна биаксиалды бағытталған полипропилен пленка (ББПП) өндіретін кәсіпорын) 100% қатысу үлесін сатып алды. Зауытты сатып алу кезінде  барлық технологиялық желілер консервацияда болып, жұмыс істемей тұрды. Қызметкерлер мәжбүрлі тоқтап тұру жағдайына ауыстырылып, жалақылары ішінара өтеліп келді. Компанияның шығыны 5,8 млрд теңгені құрады. ҚМГ бұл кәсіпорынды сатып алған сәттен бастап өндірісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, еңбек ұжымы алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жалғастырды. Негізінен тамақ өнеркәсібінде буып-түю материалы ретінде пайдаланылатын ББПП пленкалар өндірісі ҚМГ-ның бейінді қызметіне жатпайды. Осыған байланысты кәсіпорынды тиісті деңгейде оңалту үшін серіктес тарту туралы шешім қабылданды.

Компанияның 60% үлесін СИБУР-ға сатудың негіздемесін айтсақ,  біріншіден, СИБУР компаниясы – ҚМГ-ның KPI жобасы бойынша (полипропилен өндірісі  – «Полимер Продакшн» зауыты үшін негізгі шикізат көзі) серіктесі. Екіншіден, олардың  ББПП-ға ұқсас түрлі маркалы пленка өндіруде тәжірибесі бар (СИБУР зауыттарының өндірістік қуаты жылына 180 мың тоннаны құрайды).

Бұл мәміле «Полимер Продакшн» ЖШС-нің өндірістік қуатын тездетіп қалпына келтіру жоспарын іске асыру үшін қомақты инвестиция құюға мүмкіндік береді. Өндірісті қалпына келтіру кестесі және оны тоқтап тұру жағдайынан шығару 2025 жылдың 3-ші және 4-тоқсанына жоспарланған. Қазіргі уақытта зауыт қызметкерлері СИБУР кәсіпорындарында біліктілігін арттырып, кәсіби тағылымдамадан өтіп жатыр.

Жалпы, бұл шара өндірісті іске қосуға, Қазақстан азаматтарын (200-ден астам адам) тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, ел ішінде халықаралық стандарттарға сай келетін өнімді үздіксіз өндіруге, маркалық ассортиментті кеңейтуге және қосылған құны жоғары отандық өнімді сыртқы нарыққа экспорттауға жол ашады.

14 сәуір, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.