
Атырау қаласының инфрақұрылымын сапалы дамыту мақсатында басты көше – Қаныш Сәтпаев даңғылында қайта жаңғырту жұмыстары өткізілмек.
Осыған байланысты, 14 сәуірден бастап Қаныш Сәтпаев даңғылының Құрманғазы көшесіндегі жол көпірінен Қабдырахман Ерниязов көшесінің қиылысына дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, қарбалас уақытта орын алатын кептелістерді ескеру ұсынылады. Жаңартылған бағыттар мен көшенің жабылатын жерлерінің сызбасы арнайы картада көрсетілген.
Қайта жаңғырту қалалық жол желісін жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілуде және көлік өткізу қабілеті мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.