
Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ өзінің серіктесі «ҚазАзот» ҰК» АҚ бірлесіп Ақтөбе облысындағы «Северный-2» учаскесінде бірлескен қызмет және қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа «QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлау және перспективті жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов және «ҚазАзот» ҰК» АҚ бас директоры Арман Мәулешов қол қойды.
«ҚазАзот» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарын орындау үшін қажетті көлемде кері қаржыландыруды 100% қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында 2D және 3D сейсмикалық жұмыстар, 1 тәуелсіз және 1 тәуелді ұңғыманы бұрғылау жоспарланған.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Қазақстанда газ химиясы жобаларын дамытуға мүдделі және жаңа серіктестермен, инвесторлармен диалогқа дайын.