Атырау, 17 сәуір 2155
 ашықВ Атырау +9
$ 521.67
€ 592.46
₽ 6.32

​Облыс орталығында төрт мектеп күрделі жөндеуден өтті

866 просмотра

2024-2025 оқу жылында Атамбаев атындағы №8, Гагарин атындағы №4, Ахмет Байтұрсынов атындағы №23 оқу ордалары және Дамбы елді мекенінде орналасқан Амангелді атындағы орта мектеп күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жөндеуден өткен білім мекемелерін заманауи кабинет пен құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету міндеттері кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

- Биыл Атырау қалалық білім бөліміне қарасты бірнеше оқу ордасы жоспарлы түрде күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар нақты жоспармен бекітіліп, жергілікті бюджет есебімен жыл сайын кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Келер оқу жылында да бірнеше мектепке жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмек, - деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жангелдин атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмысы басталды. Сондай-ақ мемлекеттік сараптамадан өтіп, мердігер мекемесі анықталған Шоқан Уәлиханов атындағы №9 орта мектепте те жөндеу жұмыстары атқарылады. Оқу нысандары ренновациялық жоба бойынша іске асуда. Яғни, мектеп жөндеуден өткеннен кейін қолданысқа тиісті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып болған соң беріледі.

11 сәуір, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.