
Бұл туралы Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Грант көлемі – 400 АЕК, яғни, 1,5 млн теңгеден асады. Полымбет Хасанов қаржылық қолдауда көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айырылған және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы отбасыларға басымдық берілгендігін жеткізді.
– Мемлекеттік грант адамдардың өз ісін бастауына серпін береді. Бұл – табысты арттыруға, отбасылық тұрақтылыққа жол ашатын нақты қолдау, – деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек 220 жасқа 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 5 млн теңгеге дейінгі микронесие беру үшін 1,1 млрд теңге көлемінде сұраныс берілген.
Грант алуға өтінімдерді қабылдау – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Грантқа өтінім беру үшін порталда тіркелу, грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту, бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу, сондай-ақ өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою керек. Сонымен қатар үміткерге қойылатын басты талап «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Брифинг соңында басқарма басшысы қабылдаудың әлі басталмағанын, бұл туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.
В Атырау +2