Атырау, 17 сәуір 18:33
 ашықВ Атырау +10
$ 521.67
€ 592.46
₽ 6.32

​Индербордағы "Димаш төбе" мұражайына өңір бюджетінен 66 млн теңге шығындалады

866 просмотра

Жоспар бойынша ашық аспан астындағы мұражайда өңірдің тарихи жәдігерлері, археологиялық олжалар мен мәдени мұралар көрініс табуы тиіс.

Ол Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Мұражайының құрылысы өткен жылдың желтоқсанында басталды. Оған бюджет қаржысынан 66 млн 536 мың теңге қаралды. Бұл құрылысты "СК Лира" ЖШС конкурс қорытындысымен жеңіп алды. 

- Өткен жылы 24 млн теңгенің жұмысы жасалды. Жерін дайындап, арка, қоршау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жұмыстың 50 пайызы атқарылды. Өткен жылы қаралған қаржының 20 млн теңгесі ғана аударылған, бірақ серіктестік өз күшімен атқаруда. Биыл қалған қаржы есепшотымызға түсер деп күтіп отырмыз, - дейді "СК Лира" ЖШС-і директорының орынбасары Өзгеріс ҚАБДОЛХАПҰЛЫ

Мердігердің міндетінде 1860 шаршы метрге төсемтас төсеу, екі күмбез орнату, т.б. жұмыстары бар. Ө. Қабдолхапұлының айтуынша қажетті құрылыс материалдары жеткізілуде екен, төсемтасқа ұқсас тастарды Ресейден алып келмекші. 

- Мердігер жұмысты мамырдың аяғында бітіріп, тапсыруды көздеп отыр. Қалған қаржыны аударылатын болады, - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын ІЛИЯСОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

"АЖ"анықтамасы: Мұражай Индер-Қарабау тас жолының бойында орналасқан. 1978 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед ҚОНАЕВ Индер ауданына келген сапарында осы жерде  ауданның қазба байлықтарымен таныстыру барысында көшпелі мұражай ұйымдастырылған. Онда Дендер күмбезіндегі минеральды тастар, рудалар қойылған. Кейін бұл дөңге "Димаш төбе" атауы берілген. 

11 сәуір, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16