Атырау, 28 сәуір 2009
 ашықВ Атырау +3
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысы қалай жүріп жатыр?

887 просмотра

2025 жылғы 10 сәуірде Атырауда Энергетика министрлігі, QazaqGaz ұлттық компаниясы және қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр газды өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жобасының бас мердігерінің қатысуымен техникалық кеңес өтті.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, нысанға 1300-ге жуық маман тартылса, оның 900-ге жуығы тікелей технологиялық нысандарда жұмыс істейді. Белгілі бір аудандардағы бірқатар қиындықтарға қарамастан, құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, жұмыстарды аяқтау және пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібі департаментінің директоры Бақытжан Таубаевтың айтуынша, бас мердігер құрылыс қарқынын жеделдету мақсатында мерзімдерді оңтайландыру жоспарын жүзеге асырып жатыр.

«Зауыттың іске қосылуы елді әлеуметтік маңызы зор тауарлық және сұйытылған мұнай газының қосымша көлемімен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, жоба Атырау облысында тұрақты жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасына оң әсерін тигізеді», - деп атап өтті министрлік өкілі.

Жаңа газ өңдеу зауыты Қазақстанның газ өнеркәсібі инфрақұрылымындағы стратегиялық нысандардың біріне айналып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосады.

11 сәуір, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.