Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп өзіне Масктің керек еместігін мәлімдеді

929 рет қаралды
Сурет: Getty Images

Кәсіпкер Ақ үйге керек емес, оның Тесласы да қажет емес, деді Америка көшбасшысы, деп хабарлайды Korrespondent.net.

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ үкіметінің тиімділігі жөніндегі департамент басшысы миллиардер Илон Маскты қажет етпейтінін, біоақ оны «жақсы көретінін» айтты. Бұл туралы саясаткер 10 сәуір, бейсенбі күні журналистермен болған сұхбатында айтты.

"Маған Илон керек емес, ол жай ғана маған ұнайды. Бірақ айтайын, бұл жігіт керемет жұмыс жасады", - деді Трамп.

АҚШ президенті Масктан неліктен электромобиль сатып алғанын да түсіндірді. Ол Tesla көлігін досынан бәрін жеңілдікпен сатып алып жатыр деген сынға жауап беру үшін ғана сатып алғанын айтты.

"Маған оның көлігі қажет емес. Мен оны сатып алдым, өйткені олар "о, сіз оны жеңілдікпен аласыз ғой" деді. Жоқ, мен оны маған ең жоғары бағамен беріңіз дедім. Мен бұл көлік үшін көп ақша төледім", - деді Трамп.

Президент Tesla көлігін өзі пайдаланбайтынын, бірақ оны Ақ үй қызметкерлеріне мінуге беретінін жеткізді.

11 сәуір, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.