Атырау, 24 сәуір 01:07
 ашықВ Атырау +24
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Павлодар мұнай-химия зауытының жаңа бас директоры тағайындалды

870 просмотра

«Павлодар мұнай-химия зауыты» (ПНХЗ) ЖШС жалғыз қатысушысы — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ шешімімен кәсіпорынның жаңа бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Маждай Мағауиұлы Ахметов тағайындалды.

Жаңа басшыны зауыт ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов таныстырды.

Маждай Ахметов – бір кәсіпорындағы мансаптық өсудің үлгісі. Еңбек жолын 2010 жылы Павлодар мұнай-химия зауытында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастап, 15 жылдан кейін бас инженер, ал қазір бас директорға дейін көтерілді.

Оның мансабындағы негізгі кезеңдер:

  • изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы;
  • операциялық үйлестіруші;
  • өндіріс департаментінің бас технологы;
  • өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары – бас инженер (2024–2025).

"ҚазМұнайГаз" басшысы Ахметовке келесі міндеттерді жүктеді:

  • зауыттың тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • операциялық тиімділікті арттыру;
  • жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту;
  • дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялауды қоса алғанда, негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
  • тоқтап қалуды азайтуға бағытталған жөндеуаралық кезеңді енгізу.

Сонымен қатар, бұрынғы бас директор Қуаныш Бишімовтің өкілеттігі тоқтатылғаны хабарланды.

ПМХЗ – Қазақстандағы мұнай өңдеу саласындағы негізгі кәсіпорындардың бірі. Зауыт ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, ал оның жаңғыртылуы мемлекеттің стратегиялық басымдығы болып табылады.

11 сәуір, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.