Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Гудзонға құлаған тікұшақта Siemens-тің Испания филиалының басшысы отбасымен болған

876 рет қаралды
Сурет: Eduardo Munoz / Reuters

10 сәуір күні Манхэттен маңындағы Гудзон өзеніне тікұшақ құлап, Siemens компаниясының Испания филиалының басшысы Агустин Эскобар және оның отбасы қаза болды. Бұл туралы Коммерсанть басылымы New York Post құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым тікұшақтың жанында және ішінде отбасының ұшу алдында түсірілген суреттерін жариялады.

Тікұшақта пилоттан бөлек Испаниядан келген отбасы – екі ересек және үш бала болған.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс барлық алты адамның қаза тапқанын растады. Оқиғаның себебі әлі белгісіз. АҚШ президенті Дональд Трамп апаттың мән-жайы туралы ақпаратты тез арада жариялауға уәде берді.

11 сәуір, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.