
Үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанның қаладағы Атырау ықшамауданындағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, ол көпке танымал болды. Үлкендер демалып, қызық қызықтап жүргенде, кішкентай бүлдіршін айналаны жинақтап қойды.
Балақайдың әдепті ісіне желі қолданушыларынан бөлек облыс әкімдігіндегілер де назар аударған. Кеше Дінмұхаммед және оның ата-анасымен Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ кездесті. Ол сәбидің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, рақметін айтты. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады.
— Кейде көп сөздің орнына бір ғана істің өзі жетіп жатады. Кішкентай Дінмұхаммедтің жасағаны — тазалықты әркім өзінен бастауы керек деген үндеу, - деп атап өтті әкім.
Алғыс хаттан бөлек Дінмұхаммедке ескерткіш сыйлықтар табыс етілді, соның бірі - су жаңа велосипед.
Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошевтің айтуынша, ұлын видеоға түсіргенде оның әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық.
— Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын, - дейді Е. Хайрошев.
Дайындаған Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0