Атырау, 9 қазан 12:50
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Тазалық: аула маңының 5 метріне дейінгі жер қожайынның жауапкершілігінде

1 271 рет қаралды

Атырау қаласында тазалықты сақтау мақсатында жергілікті әкімдік пен Полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік шаралар өткізуде.

Рейд барысында әр тұрғын өз ауласы сыртынан 5 метрлік аумақты таза ұстау міндетті екені ескертілуде. Сонымен қатар, рұқсатсыз қоқыс тастау деректері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңбұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

— Бұл бастаманың басты мақсаты – қала аумағын таза сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеру және қолданыстағы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Қала тұрғындарын тазалыққа бей-жай қарамай, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға ғана төгуге шақырамыз. Рейд кезінде заңбұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 сәуір 2025, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.