
12-13 сәуір күндері Атырау қаласында дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Тұрғындар қалашығы шағын ауданындағы “Мұнайшы” стадионының алдында ұйымдастырылатын шараға өңірдің тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары қатысады. Жәрмеңке күндері қала тұрғындары мен қонақтары фермерлік өнімдерді делдалсыз, тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары халыққа қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерін ұсынбақ. Мұндай шараның басты мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі арзан өнімдермен қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету.
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: “Аталған жәрмеңкеге қатысу үшін жазбаша өтініштеріңізді Махамбет көшесі, 72 үй мекенжайында орналасқан “Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне келіп жазуларыңыз сұралады” делінген.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -1