Атырау, 23 желтоқсан 09:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда жыл басынан бері 864 неке тіркелген

Бейнежазба
1 058 рет қаралды

Атырауда жыл басынан бері 864 жұп некесін заңдастырды. Былтыр бұл көрсеткіш 12 айда 4012-ні құраған. Жастар неке қиюды тіркеу үшін өтініштерін электронды түрде де, қалалық АХАТ бөліміне келу арқылы да бере алады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

⁃ Неке туралы куәлік өтініш тапсырылған сәттен бастап 15 күн ішінде дайын болады. Айта кетерлігі, куәлікті алу үшін екі жастың бірге келуі міндетті. Жалғыз адамға құжат берілмейді ,- деді Атырау облысы Азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова.

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау қалалық Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімі жаңа ғимаратқа көшті. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АОБ филиалының АХАТ бөлімі Әбілхайыр хан даңғылы,77 мекенжайындағы «Салтанат сарайында» жұмыс істейді.

Жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда жас-жұбайлар үшін арнайы кең әрі әдемі зал қарастырылған. Салтанатты түрде неке қию рәсімін өткізу қызметі ақылы түрде көрсетіледі.


10 сәуір, 22:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.