
Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаумен айналысқан бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды ұстады.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, күдікті 43 жастағы ер адамнан 140 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Тінту кезінде күдіктіден 20 000 теңге табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Еске салайық, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Сондықтан өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.