Атырау, 23 желтоқсан 09:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құрманғазы аудандық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық ота жасалды

983 рет қаралды

Ота жасалған науқастың жағдайы өте жақсы деп бағалануда.

Аудандық аурухананың мәліметінше, отаға білікті мамандар қатысқан. Олардың ішінде, Атырау облысы денсаулық басқармасының 1-ші санатты хирургы Дәурен ШАНАЕВ, онкогинеколог, урогинеколог, хирург Мақсат ТУГАНБАЕВ және отыз жылдық тәжірбиесі бар жергілікті білікті дәрігерлер қатысқан еді. 

Жалпы лапароскопиялық хирургия - науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі. Бұл операция еліміздің медицинасында бірнеше жылдан қолданып келе жатқанымен аудандық аурухананың тәжірбиесіне енді ғана енгізілуде. 

Енді науқастар 300 шақырым қашықта жатқан Атырауға бармай, жергілікті жерге жүгінетін болып шешілді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 сәуір, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.