
Әлеуметтік желілерде біреуге қомақты айыппұл, ал біреуге бостандығынан айырылу қаупі тудыруы мүмкін видео таралуда.
Желіде жарияланған кадрларда вакуумды көліктердің қалдықтарды тоқтаусыз, еш қысылмастан тікелей далаға төгіп жатқанын көруге болады.Видеоға берілген комментарийге сәйкес, бұл оқиға «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) зауытының жанындағы қала маңында орын алған. Тағы бір видеода қалдықтар қаланың кәріз коллекторына төгілген. Бұл роликтер 2025 жылдың ақпан және наурыз айларында түсірілген. Бұл шалғайдағы өнеркәсіп полигоны емес, қаладан бірнеше ондаған шақырым жердегі аумақ.
Видеолар (шамасы анонимді) жарияланғаннан кейін KPI реакциясы көп күттірмеді. Зауыт көліктерді өздеріне қатысы жоқ деп мәлімдеді: «Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл көліктер ТОО KPI Inc.-ге тиесілі емес және біздің қызметімізбен қатысы жоқ. Біз сарқынды суларды «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не тиесілі қондырғыда өңдейміз».
Ендеше бұл қалдықтарды кім төгіп жатыр және нақты не төгіліп жатыр? Бұл расымен бөгде көліктер ме, әлде ресми схеманы айналып өткен «өзіміздің» бірінің көліктері ме? «АЖ» экология департаментіне сауал жолдады. Әзірге жауабы келгенше, бұл мәселені анықтауға арналған ресми сауалдар тізімін жариялаймыз:
1. 2025 жылдың ақпан және наурыз айларында түсірілген видеоларға қатысты тексеру жүргізілді ме? Жүргізілген болса, нәтижесі қандай?
2. Видеода түсірілген техниканың кімге тиесілі екені анықталды ма?
3. Видеоға түсірілген әрекеттер экологиялық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес келе ме? Бұл жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған?
4. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін қандай шаралар алынуда? Атырау қаласының маңы мен өндірістік аймақтарына қалдықтар мен кәріз суларының төгілуіне бақылау жасала ма?
5. Болған жағдайға байланысты KPI зауытын немесе оған жақын аумақтарды жоспардан тыс тексеру жоспарланған ба?
6. KPI желеуретіп отырған сарқынды суларды тазартуға жауапты Karabatan Utility Solutions компаниясына тексеру жүргізілді ме?
Осы сауалдарға жауаптар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына сәйкес белгіленген мерзімде берілуі тиіс.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Н.Жунасовтың видеосы
В Атырау +2