Атырау, 22 желтоқсан 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​«Бұл оқушыларға​ құрметсіздік»: Атырауда №17 мектептегі қираған унитаз жұртшылықтың ашуын туғызды

923 рет қаралды

Әлеуметтік желіде таралған мектептегі қираған әжетхана туралы бейнежазба көпшіліктің, әсіресе Атыраудағы №17 орта мектеп оқушыларының ата-аналарының наразылығын тудырды. Кадрда -  жартылай қираған унитаз, су жүйесі жүргізілмеген, ал гигиена талаптары жайлы айтудың өзі артық.

«Бұл - шалғайдағы ауыл емес, бұл - қалалық мектеп. Мұнда балалар оқиды. XXI ғасырда, мұнайға бай өңірде оқушылар неге осындай қолайсыздыққа тап болу керек?». Аталған бейнематериал қоғамда үлкен резонанс тудырды. 

Осыған байланысты "АЖ" мектеп әкімшілігіне хабарласқан еді.

№17 мектептің директоры Естай Заузабаев бұл жағдайға түсініктеме беріп, видеода көрсетілген әжетхана келушілер үшін жабық тұрған бөлме екенін жеткізді.

- Мектепте санитарлық талаптарға сай, оқушылар қолдана алатын басқа да әжетханалар жұмыс істеп тұр. Бұл әжетхананың ішінде жабық тұрған бөлме болатын. Балалар пайдаланғандықтан айына 5-6 унитаз бұзылып тұрады. Қазіргі кезде оның орны ауыстырылды. Сондай ақ мектеп әкімшілігі тарапынан жаңа 20 унитазға тапсырыс берілді, олар жақын уақытта орнатылатын болады, - деді мектеп директоры.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 сәуір, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.